Энцефалит — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы. Энцефалиттің қоздырғыштары: әр түрлі вирустар (арбовирустар, энтеровирустар, қызылша, қызамық, шешек, ұшық вирустары, т.б.), бактериялар (бруцеллалар, спирохеттер, туберкулез микобактериялары, стрептококк, т.б.), риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар (амеба, токсоплазма, трипаносома, т.б.), гельминттер (трематодалар, цестодтар, т.б.). Энцефалиттер патол. процестің дамуына қарай біріншілік Энцефалит және екіншілік Энцефалит болып бөлінеді. Біріншілік Энцефалиттің дамуына әдетте вирусты аурулар әсер етеді. Аурудың бұл түрі маусымдық таралу ерекшелігімен сипатталады. Бұған жылдың белгілі бір кезеңінде инфекция тарататын жәндіктердің (кене, маса) белсенді болуы ықпал етеді. Осыдан кене энцефалиті, маса Энцефалиті, энцефаломиелит, т.б. аурулар туады. Екіншілік Энцефалиттің дамуына әр түрлі жұқпалы аурулардың асқынуы әсер етеді. Мыс., безгек Энцефалиті, бөртпе сүзек Энцефалиті, тұмау, шешек, қызылшадан кейінгі асқынулар. Энцефалитпен ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, әлсізденіп, ұйқысы келе береді, басы ауырып, кейде лоқсып құсады. Ал ауру асқынғанда адам есінен айрылып, сандырақтайды, галлюцинация пайда болып, денесі тартылып, жиі-жиі ұстама болады. Энцефалиттің түріне қарай науқас адам жазылып кетеді немесе ұзақ жылдар бойы қол-аяғы әлсіз болып, жүріс-тұрысы бұзылады, әр түрлі икемсіз қимыл қозғалыстар пайда болып, денесінде салдану, тырысып қалу байқалады. Энцефалитпен ауырып жазылған адамдар тез шаршағыш келеді, басының жиі ауырып, дұрыс ұйықтамауы, еске сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға созылады. Аурудың диагнозы вирусол., бактериол. және серол. зерттеулердің қорытындысымен қойылады. Кейде электрфиз., рентгенол. және радиоизотоптық әдістер – ЭЭГ, вентрикулография, реоэнцефалография, гамма-томография, т.б. қолданылады. Ауруды емдеу Энцефалиттің түріне байланысты жүргізіледі. Ауру асқынғанда, науқасты ауруханада емдейді. І. Құжыбаева

[1]

Дереккөздер[өңдеу]

<references>

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

kk.wikipedia.org

Кене энцефалиті — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кене энцефалиті Ми зақымдануы. Кене энцефалиті.

Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, тайга кенесі (

Ixodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.

Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:

  • әлсіз салдану
  • бұлшық ет атрофиясы
  • дискинезия
  • интелектің төмендеуі
  • кейде эпилепсия
Dermacentor silvarum тасымалдаушы кенесі, аталығы

Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылад

kk.wikipedia.org

Жапондық энцефалит — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жапондық энцефалит дегеніміз-вирусты трансмиссивті эпидемиялық ауру, дамуы ауыр өтеді. Менингоэнцефалитпен көрінеді, жоғары температурамен және жалпы интоксикациямен өтеді.

Этиологиясы.[өңдеу]

Тұқымы Flavivirus, жанұясы Todavridae вирустың көлемі 50 нм құрамында РНК болады.

Эпидемиология.[өңдеу]

Инфекциялық вирусты масалар адамға жануарға инокуляциялық жолы, ол сілекей арқылы. Мерзімі-тамыз айының екінші жартысында 20-30 күнде өседі. Бұл ауруға барлық жастағы адамдар жатады. Ауылды жерлерде көбінесе ер адамдар ауырады

Клиникасы:[өңдеу]

инкубациялық кезеңі 5-14 күн 2-3 ішінде тез арада температураның жоғарлауы 39-40С-ке дейін, бас ауру, белде, іште ауырсыну, қалтырау, жүрек айну, құсу, бұлшық еттерінің тонусы жоғары болады, көздің бұлшық етінің қызметі өзгерген, естен тану, психомоторлы қозу болады, жоғары тершеңдік болады, пульсі 1 минут ішінде 120-140 қан қысымы жоғарлайды. Қанда көрінеді лейкоцитоз 15-10 9/л, нейрофильдер 74-85%, лимфопения және эозинопения, СОЭ 20-40 клетка 1 мкл. Жедел кезеңде барлық ауруда гиперемия мен өтеді өз нервісінің, қан құйылу мен ісіну жиі болады. Жапондық энцефалиттің ауыр түрінде латентті 25-80%. Өлім 7 күн де комотозды жағдайында басталды, бульбарлы көріністер, қалтырау ұстамасы. Психикасының бұзылуы, интеллектаның төмендеуі.

Диагностикасы.[өңдеу]

Жапондық энцефалитты анықтау үшін клиникасы, эпидемиологиясы және лабороториялық көрінісі керек. Жедел кезеңде аурудың ерте психикасы бұзылады, нерв жүйесінің зақымдалуы, вирусты жұлын сұйықтығынан және қаннан табады. Серологиялық зерттеу РСК, РТГА, РН.

Симптоматикалық ем гамма-глобулин. Аурудың 5-7 күндері бұлшық етке, көк тамырға жылқының сары суын енгіземіз 15-20 мл. Жедел түрінде гамма-глобулин 3-6 мл 3 рет күніне.

Мидың ісігі басылғанда 25% ерітіндімен магни сульфатын 10 мл бұлшық етке енгізу, 10% ертінді натри хлорид көк тамырға енгізу. Витаминотерапия, дезинтоксикациялық және жүрек препараттарын тағайындаймыз.

Алдын алу шаралары: масалармен күресу керек олар:

  1. химиялық тазарту — ларвицидты препараттармен қуыршақтарын өлтіру
  2. масаның шығуынан қорғану

Дереккөздер[өңдеу]

kk.wikipedia.org

Кене энцефалиті | KazMedic

Энцефалит ауруы

Энцефалиттер — орталық нерв жүйесінің, түрлі этиологиялы қабыну ауруы, аурудың негізінде инфекционды, инфекционды-аллергиялық процесстер жатады.

Энцефалиттерді жіктелуі:

  • бас мидың ақ затын зақымдайтын түрін -лейкоэнцефалиттер;
  • сұр затын зақымдайтын түрін — полиоэнцефалиттер
  • Ақ және сұр заты қатар зақымдалатын түрін — панэнцефалиттер деп атайды.

Біріншілік және екіншілік энцефалиттер болады. Біріншілік энцефалиттер — нейротропты вирустармен нервті клеткаларды зақымдайтын өздік дамитын ауру. Екіншілік энцефалиттер — қандай да бір инфекциядан кейін дамитын инфекция. Мысалы: жергілікті қабыну процессі, бас сүйектің ашық жарақаттары. (параинфекционды энцефалит)

Кене энцефалиті

Кенелік энцефалит

Біріншілік энцефалит — орталық нерв жүйесінің жедел вирусты ауруы, эндемиялық табиғи ошақтарда трансмиссивті (кененің шағуы) немесе алиментарлы жолмен (инфекцияланған сүтпен) арқылы жұғады.

Этиологиясы және эпидемиологиясы. Кенелік энцефалиттің қоздырғышы вирус болып табылады, оның көлемі 20-30 нм.
Кенелік энцефалит табиғи-ошақты нейроинфекция; эпидемиялық белсенділігі кенелердің санына, социалді факторларға, географиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тасмалдаушы болып иксод кенелері табылады.

Кенелік энцефалиттің жіктелуі:

Ошақты түрі:

  1. Менингоэнцефалитикалық
  2. Полиоэнцефаломиелитикалық
  3. Полиоэнцефалитикалық
  4. Полиомиелитикалық

Ошақты емес түрі:

  • Қалтыраулық
  • Өшірілген
  •  Менингеалді

Патогенезі. Трансмиссивті түрінде вирустың кіру жолдары болып терінің беткі қабаттарындағы қан тамырлары болып табылады вирустың тез көбеюіне байланысты оның депосы пайда болады
Вирус қан айналымымен паренхиматозды ағзаларға еніп (бауыр, көк бауыр, өкпе, ми т.б. ) қанға тарайды. Гематогенді жолдан басқа лимфогенді , периневралді жолдары да бар.

Кене энцефалитінің клиникалық сатылары.  Бірінші сатысы — жұғу, одан кейін, инкубационды кезең 2-11 күн, продромалді кезең, келесі кезеңі аурудың дамуы. Қалтырау кезеңі жедел фазасында 3-5 күнге созылады, вирусемия пайда болады ол инфекцияның таралуына әкеледі.
Вирустың қан айналымынан кетуі дене қызуының қалпына келуімен, бірақ бұл кезде вирус екіншілік ошақта орталық нерв жүйесінде көбеюі мүмкін.

Кенелік энцефалит кезінде — қолдардың проксималді әлсіз салдануы немесе парезі байқалады.
Мойын бұлшықеттерінің салдануынан — «салбыраған мойын», «қисық мойын», «қанат тәрізді жаурын» симптомдары пайда болады.

Диагностикасы. Лабораторлы  диагностикасында бірінші 7 – күннің ішінде қанда және ми-жұлын сұйқтығында кене энцефалиті вирусын немесе антиденені серологиялық тексерулер арқылы анықтайды.

Кене энцефалитін емдеу

Бастапқы кезеңінде- кене энцефалитінің вирусына титрленген адам иммуноглобулинін енгізеді.
Дегидратациялық ем тағайындайды, жүрек –тамыр ауруларына арналған препараттар, симптоматикалық ем, антибиотиктерді және сульфаниламидтерді асқынулар болғанда ғана пайдаланады (пневмония).

kazmedic.org

Энцефалит туралы реферат қазақша (мәлімет)

Энцефалит дегеніміз не? Энцефалит туралы қысқаша мәлімет қазақша.

Мазмұны:

1. «Энцефалит» ұғымы .

2. Летаргиялық энцефалит .

3. Клешевой энцефалит .

4. Қорытынды.

Кіріспе.

ЭНЦЕФАЛИТ-әдетте вирустардан туындайтын адам мен жануарлардың миының қабыну ауруларының тобы. Кейбір жағдайларда сол табиғаттың қабыну процесі тек бас миына ғана емес, жұлын миына да таралады, содан кейін ауру энцефаломиелит ретінде белгіленеді.
Летаргиялық энцефалит-егжей-тегжейлі зерттелген осы топтың алғашқы ауруы. Кейде оны «ұйқы ауруы»деп атайды. Ол сондай – ақ эпидемиялық энцефалит және экономика ауруы ретінде белгілі-1917 жылы сипатталған Вена дәрігерінің құрметіне. Энцефалиттің алғашқы оқиғалары Орталық Еуропада байқалды. 1918-1921 ауру өршуі бүкіл Еуропа және Солтүстік Америкада белгіленді. Бұл оның жұқпалы сипатын болжауға негіз болды, алайда қоздырғыш осылай бөлінбеген. Адамды адамнан жұқтырудың дәлелденген жағдайлары да болған жоқ. Летаргиялық энцефалиттің пайда болуы уақыт бойынша 1918 жылы тұмаудың ең ірі эпидемиясымен сәйкес болғандықтан, кейбір авторлар оны тұмаудың кеш асқынуы деп санады. 1930-дан летаргиялық энцефалиттің ешқандай сенімді оқиғасы туралы хабарланбаған, сондықтан оның шынайы себебі ешқашан ашылуы мүмкін емес.
Летаргиялық энцефалит созылмалы ауру болып, бас ауруы, дене қызуының жоғарылауы және ұйқышылдық, летаргияға дейін, комаға дейін жетеді. Аурудың тән көрінісі – көздің сыртқы бұлшықеттерінің параличтері. Жоғары өлім байқалды. Ауру бастан кешкендерде тұрақты неврологиялық бұзылулар жиі байқалады, көбінесе бас миының базальды ганглийлерінің зақымдануымен байланысты паркинсонизм түрінде.
Басқа да түрлері. Энцефалиттердің ең көп таралған түрлері мынадай жалпы сипаттарға ие: 1) олар арнайы вирустардан туындайды, 2) Жануарларды көбінесе зақымдайды, 3) адамға буынаяқты жәндіктер мен кенелермен берілуі мүмкін.
Кене шаққан кезде немесе асқазан-ішек жолдары арқылы кене энцефалитінің вирусы қанға түсіп, орталық жүйке жүйесінің жасушаларына өтеді, оған ауыр өзгерістер туғызады. Науқас қоршаған ортаға қауіпті емес.
Инфекция сондай — ақ кеміргіштерді, үй малын, маймылдарды, кейбір орман құстарын да зақымдайды (соңғылары табиғаттағы инфекцияның қосымша резервуары болып табылады).
Ауру бірнеше күн ішінде өткір дамиды. Вирус мидың жұмсақ қабығын, мидың сұр затын (қабығын), жұлынның қимыл нейрондарын және перифериялық нервтерді зақымдайды, бұл клиникалық түрде құрысуларда, бұлшық еттің жекелеген топтарының немесе тұтас аяқ-қолдың параличінде және тері сезімталдығының бұзылуында көрінеді. Кейіннен, вирусты қабыну барлық миды қамтитын кезде, жалпы ми белгілері байқалады
— бас ауыруы, құсу, естен тану. коматозды жағдайға дейін немесе керісінше, уақыт пен кеңістікте бағдарды жоғалтумен психомоторлық қозу дамиды. Кейінірек жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылулары (миокардит, жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі, аритмия), ас қорыту жүйесінің бұзылулары — нәжістің тежелуі, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалуы мүмкін. Барлық аталған симптомдар ағзаның уытты зақымдануы аясында байқалады-дене қызуының 39-ға дейін көтерілуі-
40С. Инкубациялық кезең 1-ден 30 күнге дейін созылады. Жұлын нервтері зақымданған жағдайда аурудың аздаған пайызында ауру «радикулит» (полирадикулоневрит) түрінде өтуі мүмкін.
Буынаяқтылар арқылы берілетін энцефалиттер жаз мезгілінде эпидемиялық өршулер береді. Бұл топқа тиесілі: энцефалит Сент-Луис
1932 ауыр індетке американдық қаласында Сент-Луис (Миссури шт.) және қолға берілетін; кене энцефалиті, кең таралған Еуропадағы және
Жылқы энцефалиті (немесе энцефаломиелит) – жылқы ауруы, ол кейде адамға масамен беріледі.
Қорытынды.
Адам мен жануарларды осы аурулардан қорғау үшін тиімді вакциналар әзірленді. Алдын алу тасымалдаушылармен де күресті қамтиды. Арнайы терапия жоқ. Сонымен қатар, жұқпалы емес энцефалиттер да кездеседі, қорғасынмен уланудың асқынуы немесе салдары, эпидемиялық паротит (шошқа), қызылша, жел шешек, тұмау және басқа да аурулар сияқты пайда болатын екінші энцефалиттер.

Вконтакте

Facebook

Google+

Мой мир

slides.kz

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті


Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді.
Қоздырушы того-вирус тобына жатады, өлшемі 45-40нм, құрамы антиген В, РНК бар.

Көктем, жаз айларында табиғатта кездесетін кенелердің шаққанынан жұғады.
Кене адамды шаққанда вирус ағзаға еніп, бірден нерв тінін-клеткасын зақымдайды. Содан ары орталық нерв жүйесіне үлкен өзгерістер туғызады.

Кене энцефалитінің белгілері, өрбуі.
Жасырын кезеңі 8-23 күн (көбінесе 12 күн). Негізгі белгісі қызба, ми мен нерв жүйесінің шектелген бөлігін зақымдайды. Ауру жедел басталады. Кейде науқастың әлсізденіп, басы ауырып, лоқсып, ұйқысы қашып, мазасызданады. Ауру аяқ, мойын еттерінде әлсіздік сезініп, беті және мойны жансызданады.
Қызуы 39-40 градус көтеріліп, 2-10 күнге созылады. Мойын етінің қатаюы, Кернинг, Брудзинский белгілері айқындалады.

Кейде ауру жеңіл де өтуі мүмкін.
Диагноз кененің шаққан орны немесе кенені теріден шығарып алынған белгілер бойынша қойылады. Зақымдану белгілері анықталады. Зертханада РСК, РПГА жасалынады, оның қорытындылары диагнозды толықтыра түседі. Кене энцефалиті қауіпті ауру, ұзақ емдеуді керек етеді. Алғаш науқасқа барлық жағдай жасап энцефалитке қарсы гамма-глобулин егіледі.

Аурудың өрбуіне қарай барлық зақымданған органдарға ем қолданылады. Аурудың алдын алуда, шаққан кенені денеден алып, тіркеуге невропатолог маманына жіберіп, сонда кене энцефалитіне гамма-глобулин жасайды және бақылауда болады. Егер сіз табиғатта болсаңыз және үстіңізден кенені байқасаңыз, абыржымаңыз.

Мүмкін болса емханаға барыңыз, сонда кенеңізді дұрыс алады. Егер мүмкіншілік болмай жатса, онда мына кеңестерге құлақ салыңыз: Кенені бірден жұлып алуға болмайды, себебі ол аяқтары мен денеге терең еніп алған. Сондықтан адамды ыңғайлы жерге жатқызып, кененің үстіне сұйық май тамызса, бір минуттан кейін оның демалысы қиындайды, сонда жіппен бас жағынан орап, ақырындап ырғақпен тартса, кене бар аяқ-қолымен оңай шығады. Кене сорған жерді йодпен, спиртпен тазалап, маман дәрігерге көрсетуіңіз қажет.

bilimdiler.kz

1 Масалық вирусты энцефалит.Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.

Жіктелуі:

-энцефалит В

-жапондық

-жаз-күздік

-Примор аймағының энцефалиті

Этиологиясы мен эпидемиологиясы

Қоздырушысы-нейротроптық вирус.Ауруды масалар таратады.Вирус қан арқылы өрістейді.Инкубациялық кезеңі 5-15 күнге созылады.

Ауру Оңтүстік Батыс Азияда(Жапония,Қытай,Корея),Ресейдің Қиыр Шығысы мен Приморье аудандарында кездеседі.Аурудың таралымы тамыз бен қыркүйекте аса жоғары(80 пайыз).

Клиникасы

Ауру шұғыл,көбінесе продромасыз басталады.Жалпы дерттілік,қалтырау,аса қатты бас ауыру,лоқсу,құсу п.б.Дене қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі.Бет пен көздің шырышты қабығы қызарады.1-2 күн бойы ес-түстің бұзылуы(ессіздік,кома) үдей түседі,менингеалдық кейде ошақтық симптомдар(салдану,парездер,гиперкинездер,эпилепсия тәрізді ұстамалар,бульбарлық симптомдар ) белгі береді.Жалпы бұлш/еттер құрысуы байқалады.

Синдромдардың біліну басымдылығына байланысты клиникалық түрлері(менингеалдық,құрыспалық,гемипарездік,летаргиялық ж/ булбарлық) болады.

Қанда нейтрофильдік ауытқыған лейкоцитоз болады,ЭТЖ үдейді.Ми-жұлын сұйығы қысымы жоғарылаған.Ликвордағы белок мөлшері көбейген,лимфоциттері басымырақ.

Жапондық энцефалиттің соңынан ұзаққа созылатын астения,вегетативтік дистония,психикалық бұзылыстар сақталып қалады.

Диагностикасы:

-вирусологиялық тексеру

-иммунологиялық әдістер-қанда спецификалық антидененің табылуы.Жұп сарысуды зерттеу,ол үшін бірінші сынаманы-аурудың бірінші күнінде ,ал екінші сынаманы-3-4 аптада.Ең алдымен комплемент байланыстырушы зат(комплемент РСК) п.б.,уақыт өте келе олардың титрі жоғарылайды.

-РПГА(гемаглютинация бәсеңдеу реакциясы)

-РН(нейтрализация реакциясы)

ЕМІ:

-Аурудың ең алғашқы күдері науқасқа маса энцефалитімен ауырған науқастың қан сарысуын 20-30 мл енгізеді н/е спецификалық g-глобулинді күніне 9-18 мл-ге дейін т/і немесе б/е;

-Тамыр қабырғаларын нығайтатын дәрі-дәрмек(хлорлы кальций,рутин,рутамин)

-Бас сүйек қуысы гипертензиясы мен улану құбылыстарын азайту үшін диуретиктер(гипотиазид,новурит,күкірт қышқылды магнезий)

-витаминдер(С 0,5 г ж/е В6 0,05г)

-глюкоза

2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.

Ес-бұл ақпаратты бекіту,сақтау,және өткен шақ тәжірбиесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс.

1)Ақпаратты бекіту қабылдаудың бұзылысы(фиксация)Ақпаратты бекіту жетк/гі клиникасы ағымындағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылыстарымен көрінеді.бұл фиксациялық амнезия деп аталады:Қарттық психозда,ми қоректену бұзылысында кездеседі.Бұндай аурулар өткен нәрсені есіне түсіре алмайды,яғни болған нәрсені есінде сақтай алмайды.

2)Өткен тәжірбиені есте сақталуының бұзылысы-Қабылдаған ақпараттың (ретенция)сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіругенегізделіп,пікір жасалады,бұл дұрыс емес.Шындығында келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойланғаннан едәуір мықты.Бұл гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады.Өткенді ұмыту ретсіз емес,белгілі заңдылықпен өтеді.Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған,нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді;одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады.Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын,2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды,бұрынғы мекен-жайын айтады,зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды,бірақ балалық шағын ,көшесін,мектепке барғанын,алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.

3)Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту бұзылысы –репродукция.Репродукция бұзылысы фиксация және ретекция бұзылысында үнемі көрініс береді.Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады:жауапты жағдайда қажеттіні есіне түсіре алмайды;есімін,атаулы күндерді ,нақты атауларды.Белгілі бір уақыт өткеннен кейін,оның қажеті болмаған кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі.

Еске түсірудің сандық бұзылыстары.

Еске түсірудің сандық бұзылыстары гипермнезия және гипомнезия болып бөлінеді

Гипермнезия-жоғарыда аталып өткендерден басқа маникальды және гипоманикальды жағдайлардағы ассоциативті тежеусіздік кезінде бақыланады.Гипомнезия –жалпы және аралшықты амнезияларға бөлінеді.Тотальды гипомнезияны әріптері өшкен,оқуға қиын көне кітаппен салыстырады,амнезия-жыртылып тасталған кітап беттері сияқты.Гипомнезияның ауыр жағыдайында соңғы жылдарда және онжылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады.Бұл уақыттың кеш кезеңіне қарай ес ыдырауы үдемелі амнезия деп аталады.

Амнезия ішінде антеро және ретрогродты амнезияны бөлеміз,Бас ми жарақатына дейін бірнеше минут,күн апта ішінде болған оқиғалардың естен жоғалуы клиникалық тәжірбиеде ретроградты амнезия деп аталады.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстары.

Еске түсірудің сапалық бұзылуы (дисмнезия,парамнезия)-естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады.Бұл құбылысты феноменологиялық зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляцияны бөлеміз. Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды.Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу.Фиксациялық,антеро-ретроградты амнезиялар бірігіп Корсаков синдромының триадасын құрайды. Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия құбылысы дамиды.Экмнезия-науқастың өткен өмірі.Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды.Науқастар өздерін 40,30,18 жастамыз ,кішкене баламыз бар ,семья құрамыз және қайтыс болған жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп атайды.Экмнезия құбылысы кәрілік психозда ,истерияда ,шизофренияның соңғы сатыларында бақыланады.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына криптомнезия-яғни жасырын еске түсіру жатады.

Таныстық сезімінің бұзылысы.Ес бұзылыстары симптомдардың ішінде ерекше топ таныстық сезімінің бұзылуы болып табылады.Аталған бұзылыстар психопотологиялық шекаралық бұзылыстарға жатады.Олар сау адамдарда ,мысалы,көңіл күй өзгерістерінде,және психикалық науқас адамдарда да байқалады.

studfiles.net

Энцефалит қазақша – Энцефалит — Уикипедия

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *